Кітаптар мен еңбектер

Асқар Ислямовтың жазба және ғылыми мұрасы: естелік, очерк, зерттеу еңбектері.

Кітаптар мен монографиялар

«Өткен өмір естеліктері»
1998

«Өткен өмір естеліктері»

Тарбағатай ауданының 70 жылдығына арнап жазылған ғұмырнама-естелік кітап. Автордың өмір жолы мен ұстаздық тәжірибесін қамтиды.

«Шығыс Қазақстан топонимикасы»
2003 / 2022

«Шығыс Қазақстан топонимикасы»

Шығыс Қазақстан топонимикасына арналған ғылыми еңбек. 2003 жылы Алматыдағы «Эверо» баспасынан жарық көрді, 2022 жылы «Рухани Жаңғыру» аясында үш тілде (қазақ-орыс-ағылшын) монография ретінде қайта басылды. ЖОО мен колледждерде оқу-әдістемелік құрал ретінде пайдаланылады.

«Тарихта қалған тағылым»
2006

«Тарихта қалған тағылым»

Өлкетану, табиғатты аялау мәдениеті, шәкірт тәрбиесі және ұстаздың өмір жолы туралы мақалалар мен очерктерден құралған жинақ.

«Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары»
2006

«Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары»

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген ғылыми-танымдық серия. Жинақта көрнекті ұстаз, ғалым-өлкетанушы, қоғам қайраткері Асқар Жұмағұлұлы Ислямовтың өмір жолы, педагогикалық қызметі, ғылыми еңбектері мен қоғамдық қызметі туралы деректер берілген.

«Барқытбелдің баурайында»

«Барқытбелдің баурайында»

Туған жер, Барқытбел өңірі жайлы сыр шертетін кітап.

Бейне мұрағат

Бейне-фильмдер
1984 / 2002 / 2005

Бейне-фильмдер

Асқар Ислямов туралы: «Әскери-патриоттық тәрбие» (1984), «Өмір өткелдері» (2002), «Қалдырған ізің мәңгілік» (2005) бейне-фильмдері түсірілген.

Кітаптар мен еңбектер | Асқар Ислямов