Background

Өмірбаяны

Ислямов Асқар Жұмағұлұлы (04.03.1928 – 30.10.2001) — Шығыс Қазақстандағы халық ағарту ісіне ғұмырын арнаған көрнекті педагог, өлкетанушы, жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосқан тұлға. Оның өмір жолы — табандылық пен адал еңбектің, туған жерге қызмет етудің өнегесі.

1

Балалық шағы мен қиын кезеңдер

Асқар Ислямов 1928 жылғы 4 наурызда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызылкесік совхозында Жұмағұлұлы Сіләмнің отбасында дүниеге келген. 1932 жылғы ашаршылық, босқын заманда әкесі Сіләм Ақжар өңіріне қоныс аударған, сол жылы шешесі қайтыс болған. 1933–1938 жылдары Ақжар балалар үйінің интернатында тәрбиеленіп, 1940 жылы әкесі Сіләм қайтыс болған соң туыстарының қолында тұрады. 6-сынып оқып жүргенде соғыс басталып, 1942 жылғы күйзелісте 7 сыныптық біліммен оқудан қол үзіп, жоқшылық тұрмыс тауқыметінен 13 жасынан ауылында еңбекке араласқан.

Балалық шағы мен қиын кезеңдер
Үлкейту
2

Білімі

1947–1950 жылдары Семейдің мұғалімдер даярлайтын 3 жылдық техникумын, 1952 жылы Өскеменнің педагогикалық институтын, 1962 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіреді.

Білімі
Үлкейту
3

Ұстаздық қызметінің бастауы

Алғашқы ұстаздық еңбек жолын Жаңғызтал 7 жылдық мектебінде бастап, 1952 жылы Ақжардағы ауданның сол кездегі университеті аталған Абай атындағы тұңғыш орта мектепте мұғалім, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қоғамдық негізде партия ұйымы жұмысына қатысып, кейін партбюро хатшысы болған. 18 жыл еңбек ете жүріп, ауданда тұңғыш рет 7–12 күндік өлкетану экскурсиясы саяхатын жасап, облыстық бірінші өлкетану слетіне қатысады.

Ұстаздық қызметінің бастауы
Үлкейту
4

Өлкетану және ғылыми ізденіс

Жас географ Ислямов арқасына рюкзагын таңып алып, балаларды бастап Тарбағатай тауларын шарлап кететін. Ол шәкірттердің туған жердің тылсым табиғатын тануға, сүюге, құрметтеуге үйретті. Жас ұстаз ғылыми-зерттеу жұмыстарына ден қойып, географиялық атаулардың мән-маңызына ой жүгіртті. Археология, астрономия, этнология қызықтырды. Үзбей ізденіс — ұстаздың өмірлік дағдысына айналды. Асқар Ислямов отыз жеті жасында халық ағарту саласының үздігі атанды.

Өлкетану және ғылыми ізденіс
Үлкейту
5

Мектеп басшылығы және танымал тәжірибе

1970–1995 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін Жетіарал кеңшарында Ленин атындағы орта мектепте директор болып істеп, өзінің жазба арызы бойынша мектептен қол үзді. Осы 25 жыл басшылық кезінде Ленин мектебі облыстағы материалдық базасы жан-жақты нығайтылған, оқу-тәрбие ісі үздік тәжірибе тарату орталығына айналып, Республикаға танымал болып, Шығыс Қазақстандағы жаңашыл білім ордасына айналды. Алғашқылардың бірі болып кабинеттік жүйеге көшті, шет тілдері пәндері лингафон кабинеттерінде өтетін болды. Бұл білім ордасында талай рет педагогтердің облыстық форумы өткен еді.

Мектеп басшылығы және танымал тәжірибе
Үлкейту
6

Кең танымалдық және әдістемелік мұра

Оның есімі бүкіл Кеңестер Одағына танымал еді. Ислямовтар әулетінің іс-тәжірибесі Мәскеудегі А. С. Макаренко мұражайына экспонат ретінде алдырылды. Асқар Ислямовтың 45 жылдық еңбек жолы ішінде 50-ге тарта іс-тәжірибе, әдістеме, мақалалары республика, облыстық, аудандық баспаларда жарық көріп, тәжірибе таратылды.

Кең танымалдық және әдістемелік мұра
Үлкейту
7

Қоғамдық қызметі және мұрасы

25 жылғы еңбек жолында аудандық партия комитетінің штаттан тыс лекторы болып жүріп, облыстық партия комитетінің «Үздік лектор» дипломымен, бірнеше дүркін Құрмет грамоталарымен марапатталады. 20 жылдан астам ауылдық кеңес депутаты, бірнеше дүркін аудандық, облыстық партия конференцияларының делегаты болып сайланды. Ол КСРО халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысты, Бейбітшілік қоры басқармасының дипломанты атанды. Өмірінің соңына дейін Ұлан ауданындағы Молодежный кентінің ақсақалдар алқасының төрағасы болып, қоғамдық қызмет атқарып, ел болашағы, ұрпақ тәрбиесі үшін еңбек етті.

Қоғамдық қызметі және мұрасы
Үлкейту

«Мен өзім жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысымен айналысқаныма өкінбеймін, қайта Құдайдың құдіретімен мұғалім болғаныма қуанамын…»

Ислямов Асқар Жұмағұлұлы

Отбасы және педагогикалық әулет

Өмірлік жары — батыр Ана, белгілі ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Сатыбалдина Нағима Сүлейменқызы. Қос ұстаз 10 бала (4 ұл, 6 қыз), 24 немере, 37 шөбере тәрбиелеп өсірді. Педагогикалық әулеттің еңбек өтілі — 540 жыл.

Әулетте: «Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалім» — 1; «ҚКСР халық ағарту ісінің үздігі» — 3; «Отан соғысы кезіндегі тылдағы үздік еңбегі үшін» медалі — 2; «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» — 4; «ҚР ІІМ Құрметті қызметкері» — 2; «Сот жүйесінің үздігі» — 1; «Ыбырай Алтынсарин атындағы белгі» иегерлері — 2; «Еңбек ардагерлері» — 7; Құрметті профессор — 1; Ғылым кандидаттары — 2; «Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегерлері — 5. Нағима Сүлейменқызы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі», «Еңбек ардагері», І–ІІІ дәрежелі «Ана Даңқы», «Батыр Ана» медалі, «Алтын алқа», «Университет мақтанышы» төсбелгісі және басқа да марапаттарға ие.

Отбасы және педагогикалық әулет
Family photo 2
Family photo 3

Отбасылық мұрағат

Өмір жолының хронологиясы

1928

Дүниеге келуі

1928 жылғы 4 наурызда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызылкесік совхозында Жұмағұлұлы Сіләмнің отбасында дүниеге келген.

1932

Ақжар өңіріне қоныс аудару

Ашаршылық, босқын заманда әкесі Ақжар өңіріне қоныс аударып, сол жылы шешесі қайтыс болған.

1933 – 1938

Балалар үйі интернаты

Ақжар балалар үйінің интернатында тәрбиеленген.

1940

Туыстар қолында

Әкесі Сіләм қайтыс болған соң туыстарының қолында тұрған.

1942

Еңбекке ерте араласуы

Соғыс жылдарының ауыртпалығында 7 сыныптық біліммен оқудан қол үзіп, 13 жасынан ауылында еңбекке араласқан.

1947 – 1950

Техникум

Семейдің мұғалімдер даярлайтын 3 жылдық техникумын бітірген.

1952

Абай мектебіндегі қызметі

Өскеменнің педагогикалық институтын бітіріп, Ақжардағы Абай атындағы тұңғыш орта мектепте мұғалім, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған; қоғамдық негізде партия ұйымы жұмысына қатысып, кейін партбюро хатшысы болған.

1962

ЖОО бітіруі

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіреді.

1970 – 1995

Ленин мектебінің директоры

Жетіарал кеңшарындағы Ленин атындағы орта мектепті 25 жыл басқарып, оны материалдық базасы нығайған, тәжірибе тарататын жаңашыл білім ордасына айналдырды; кабинеттік жүйе, лингафон кабинеттері енгізілді, облыстық форумдар өтті.

2001

Өмірден озуы

2001 жылғы 30 қазанда дүниеден өтті.

2021 – 2024

Есімін ұлықтау

2021: Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде Асқар Ислямов атындағы «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» кабинеті ашылып, студенттерге шәкіртақы тағайындалды. 2022: Ақжар ауылындағы Абай атындағы орта мектепте география кабинеті ашылды. 2023 жылдан бастап Асқар Ислямов атындағы география пәні бойынша аудандық олимпиада жыл сайын өткізіліп келеді. 2024 жылы Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» республикалық байқауы өткізіліп, қатысушылардың ой толғамдары жинақ болып жарық көрді.

Өмірбаяны | Асқар Ислямов