Ұлағатты ұстаз, мектеп директоры, ұстаздар әулетінің негізін қалаушы

Ислямов Асқар Жұмағұлұлы (04.03.1928 – 30.10.2001) — Шығыс Қазақстандағы халық ағарту ісіне ғұмырын арнаған көрнекті педагог, өлкетанушы, жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосқан тұлға. Оның өмір жолы — табандылық пен адал еңбектің, туған жерге қызмет етудің өнегесі.

Ислямов Асқар Жұмағұлұлы
1928 — 2001

Ислямов Асқар Жұмағұлұлы

Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі
КСРО Халық ағарту ісінің үздігі
Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі
Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы иесі
«Мектеп - тәрбие биігі, онда еңбек ету ұлағатты іс»
Ислямов Асқар Жұмағұлұлы
Халық ағарту саласында 45 жыл
Еңбек жолы
Елуге жуық еңбек (әдістеме, мақала, тәжірибе)
Жарияланымдар
Жалпы өтілі — 540 жыл
Педагогикалық әулет

Кітаптар мен еңбектер

Асқар Ислямовтың жазба және ғылыми мұрасы: естелік, очерк, зерттеу еңбектері.

Толығырақ
«Өткен өмір естеліктері»
1998

«Өткен өмір естеліктері»

Тарбағатай ауданының 70 жылдығына арнап жазылған ғұмырнама-естелік кітап. Автордың өмір жолы мен ұстаздық тәжірибесін қамтиды.

«Шығыс Қазақстан топонимикасы»
2003 / 2022

«Шығыс Қазақстан топонимикасы»

Шығыс Қазақстан топонимикасына арналған ғылыми еңбек. 2003 жылы Алматыдағы «Эверо» баспасынан жарық көрді, 2022 жылы «Рухани Жаңғыру» аясында үш тілде (қазақ-орыс-ағылшын) монография ретінде қайта басылды. ЖОО мен колледждерде оқу-әдістемелік құрал ретінде пайдаланылады.

«Тарихта қалған тағылым»
2006

«Тарихта қалған тағылым»

Өлкетану, табиғатты аялау мәдениеті, шәкірт тәрбиесі және ұстаздың өмір жолы туралы мақалалар мен очерктерден құралған жинақ.

Естеліктер

Асқар Жұмағұлұлы Шығыс Қазақстан аумағында керемет із қалдырды. Бұл — біздің мақтанышымыз, облысымыздың, республикамыздың білім мақтанышы, бұл — біздің тарихымыз. Менің ойымша, біз, білім қызметкерлері, мұны үнемі есте сақтап, осы адамдардың тәжірибесі мен даналығы арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуіміз керек.

В.К. Зуенко
ШҚО Білім басқармасының басшысы (1987–2000)

Галерея

Өмірі мен қызметінің фотоархиві.

Абай орта мектебіндегі парбюро хатшысы, 1967-1970 жж.
Абай орта мектебіндегі парбюро хатшысы, 1967-1970 жж.
Абай орта мектебіне 60 жыл, 1988 ж.
Журналистермен кездесу сәті
Маңдайша
Толығырақ
Асқар Ислямов — өмірбаян, кітаптар және мұра