Ислямов Асқар Жұмағұлұлы
Ұстаз, мектеп басшысы, қоғам қайраткері
Ислямов Асқар Жұмағұлұлы (04.03.1928 – 30.10.2001) — Шығыс Қазақстандағы халық ағарту ісіне ғұмырын арнаған көрнекті педагог, өлкетанушы, жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосқан тұлға. Оның өмір жолы — табандылық пен адал еңбектің, туған жерге қызмет етудің өнегесі.

«Мектеп - тәрбие биігі, онда еңбек ету ұлағатты іс»— Ислямов Асқар Жұмағұлұлы
Кітаптар мен еңбектер
Асқар Ислямовтың жазба және ғылыми мұрасы: естелік, очерк, зерттеу еңбектері.

«Өткен өмір естеліктері»
Тарбағатай ауданының 70 жылдығына арнап жазылған ғұмырнама-естелік кітап. Автордың өмір жолы мен ұстаздық тәжірибесін қамтиды.

«Шығыс Қазақстан топонимикасы»
Шығыс Қазақстан топонимикасына арналған ғылыми еңбек. 2003 жылы Алматыдағы «Эверо» баспасынан жарық көрді, 2022 жылы «Рухани Жаңғыру» аясында үш тілде (қазақ-орыс-ағылшын) монография ретінде қайта басылды. ЖОО мен колледждерде оқу-әдістемелік құрал ретінде пайдаланылады.

«Тарихта қалған тағылым»
Өлкетану, табиғатты аялау мәдениеті, шәкірт тәрбиесі және ұстаздың өмір жолы туралы мақалалар мен очерктерден құралған жинақ.
Естеліктер
“Қырық жылдан астам ұстаздық еңбегінде Асқар Ислямов жас ұрпақты тәрбиелеуде табандылық пен биік жауапкершілік танытты. Оның еңбегі — ұлағатты ұстазға тән жол.”
Галерея
Өмірі мен қызметінің фотоархиві.



